Жаңалықтар | Новости

Жұмыспен қамту жұмыстары жүргізілуде

БҚО бойынша ҚАЖ Департаменті Орал қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған П. жұмыссыз болғандықтан пробация қызметіне келіп, жұмыс тауып істегісі келетінін айтқан болатын. Пробация қызметінің инспекторлары сотталғанның өтінішгін жерде қалдырмай, оған әлеуметтік көмек көрсетудің жеке бағдарламасын толтырып, Орал қалалық «Жұмыспен қамту орталығының» мамандарымен бірлесіп сотталған П. есімді азаматты «Отделстрой СКФ» ЖШС-не жұмысқа орналасуына көмек көрсетті.

Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес сотталғандар  тарапынан жасалуы мүмкін қайталанған қылмыстармен әртүрлі  құқықбұзушылықтардың алдын алумен қоғамға қайта бейімдеудің бір механизмі оларды жұмыспен қамту екені белгілі. Бұл бағыттағы жұмыстар Орал қалалық пробация қызметінің инспекторларымен алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

БҚО бойынша ҚАЖ Департаменті Орал қалалық пробация қызметінің

аға инспекторы әділет  капитаны Т.Н.Бисенов

Комментарий