Жаңалықтар | Новости

Мекемеде жедел кеңес өтті

23.09.2021жылы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінде ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыровтың төрағалығымен жедел кеңес өтті. Жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау, қызметтік және жеке автокөлікті басқару кезінде көлік тәртібін  сақтау мақсатында өткізілген жедел кеңеске ҚАЖ департаментінің өзіндік қауіпсіздік тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі әділет капитаны А.Қыясов, ҚАЖ департаменті  кадр саясаты тобының аға инспекторы әділет капитаны А.Ертай және мекеме қызметкерлері қатысты.

Жедел кеңесті ашқан  Департамент бастығының орынбасары Ж.Әбдіқайыров қызметкерлерге  сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруды,  қызметтік этика нормаларын сақтауды,  автокөлікті құжатсыз, масаң күйде  басқарудың салдарын, өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға тиіс екендігін  айтып өтті.

Одан соң ҚАЖ департаменті  кадр саясаты тобының аға инспекторы әділет капитаны А.Ертай баяндама жасады. Ол өз баяндамасында жеке құрамды  ҚР ІІМ –нің қабылданып жатқан шараларына қарамастан, ішкі істер органдарының қызметкерлері тарапынан жол-көлік оқиғалары орын алатындығы жөнінде шолумен таныстырып, ҚР Мемлекеттік қызметшілер туралы Әдеп кодексінің нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілер қарапайым болуға, мемлекеттік қызметтің беделіне және абыройына нұқсан келтірмей, өзіне жүктелген функционалдық міндеттерін мінсіз орындау  керектігін айтып өтті.

Кеңес соңында ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Ж.Әбдіқайыров барлық қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтау туралы ескеріп, бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Комментарий