Жаңалықтар | Новости

Бассейндегі улану оқиғасы: Алматы полициясы тергеу бастады

Полиция Алматы бассейнінде балалардың улануы бойынша тергеуді бастады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаменті мәліметінше, бұл факт ҚР ҚК-ның 306-бабы «Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету» бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Қылмыстық істі Алмалы аудандық полиция бөлімі жүргізеді.

Айта кетейік, бүгін, 23 қыркүйекте Алматыдағы бассейндердің бірінде 11 бала уланып қалған болатын. Олар — синхронды жүзу сабағына қатысқан 12-14 жастағы қыздар.

Жедел жәрдем ауруханасы балалардың жағдайы тұрақты екенін айтты.

Комментарий