Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі жүргізілуде

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Зор Рух» Қайырылымдылық қорымен ағымдағы жылда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі жүргізілуде.

Жоба мақсаты – көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына, қолжетімділігіне және көрсетілу тәртібіне қатысты қызмет алушлардың қанағаттанушылық денгейін сондай-ақ, 2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында туындайтын мәселелерді анықтау.

Жоба барысында, еліміздің барлық аймақтарында тұратын кемінде 12 000 қызмет алушыны қамту жоспарланған. Барлық мемлекеттік органдармен және ХҚО-мен көрсетілетін 75 мемлекеттік қызметтін сапасы мен қолжетімділігі жөніндегі тұлғалардың пікірлері, қызығушылықтары, ұсыныстары мен қалауы талданатын және тіркелетін болады. Талдау ең ауқымды, проблемалық (бюрократиялық, сыбайлас жемқорлық, орындау мерзімнің бұзылуы, шағымдар және т.б.) және әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді қамтитын болады.

Әкімшілік кедергілерді анықтағаннан кейін және мемлекеттік органдардан қызмет алу кезінде қызмет көрсетушілерге сенім деңгейін зерттегеннен кейін ең осал орындар анықталады. Бақылау барысында, мемлекеттік қызметті алу кезіндегі әлеуметтік шиеленіс денгейін зерттеу, халықтың мемлекеттен нақты қызмет алу туралы хабардар болу деңгейін анықтау жоспарлануда.

Қоғамдық мониторинг нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін жетілдіру, оларды ұсыну мен жіктеу бойынша бизнес процестерді автоматтандыру туралы ұсыныстар әзірленеді.

Сонымен бірге, ағымдағы жылы қоғамдық мониторинг онлайн пішімінде де өткізілуде. Осылайша, қызмет алуышыларға жеке түрде онлайн – сауалнаманы өту ұсынысы және арнайы платформаға сілтемесі бар SMS жолданады. SMS жолдамада көрсетілген мерзімде онлайн сауалнаманы толтырмаған тұлғалар, сауалнамаға телефон арқылы қатыса алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға өз үлесін қосқысы келетін қазақстандықтар +7 700 000 08 56 нөміріне хабарласып, онлайн сауалнамаға қатыса алады.

Комментарий