Қоғам | Общество

“Періштеге ұқсайсың”: Гүлнәз Жоланова тойға дайындық бастады

Гүлнәз Жоланова тойға дайындығын бастап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі актриса әлеуметтік желідегі парақшасында той көйлегін таңдап жүргенде түскен суретін жүктеген. Осылайша ол тойға дайындығын бастап кеткенін байқатты.

“Ақ көйлек, ақ фата”, – деп жазды Гүлнәз Жоланова.

Мұны көрген желідегі жұрт актрисаның әдемілігіне сүйсініп, жарыса пікір жазған. Олар Гүлнәз Жолановаға бақыт тілеп, жақсы келін бол деп қуанышына ортақтасқан. Желі қолданушыларының арасында өнер иесін ақ қанат періштеге теңеп, тұрмысқа шығуға ұсыныс жасағандар да болды.

“Әрбір қазақтың қызына ақ көйлек бұйыртсын”, “Дайын қалыңдық. Бағың ашылсын, Гүлнәз”, “Маған тұрмысқа шықшы”, “Жұғысты босын”, “Сүйікті актрисам, қарапайымдылығың ұнайды”, “Сұлулықтың ханшайымы”, “Кімге тұрмысқа шықпақсың?”, “Періштеге ұқсайсың”, “Бақытты бол”, деп жазды желідегі жұрт.

Естеріңізге сала кетейік, Аян Өтепберген Гүлнәз Жолановаға деген сезімін ашып айтып, той қашан болатынны білмеймін деп ағынан жарылған болатын.

Комментарий