Жаңалықтар | Новости

Пробация есебіндегі сотталғандардың мәжбүрлі еңбекті орындау орны бойынша тексерілді

Мәжбүрлі еңбекке тарту түріндегі жаза сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша орналасқан қоғамдық орындарда Жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындаудан тұрады.

Есепте тұрған сотталған Ә. ҚР ҚК-нің 24 бабы 3-бөлігі, 188-бабы 3- бөлігі 3-тармақтарымен №2 Қызылорда қалалық сотының үкімі бойынша кінәлі деп танылып, 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Жаза өтеуінің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбек тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген.

Сотталған А.  ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 2,3 -тармағымен кінәлі деп танылып,3 жыл мерзімге бас бостандыығын шектеу жазасы тағайындалған. Сондай–ақ үкім бойынша жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда жылына 100 сағат мерзімге мәжбүрлі еңбек тағайындалды.

Қазіргі уақытта есепте тұрған сотталғандар Тасбөгет кентінің көшелері мен орталық алаңды тазалау, абаттандыру жұмыстарын атқаруда.

«Оңай жолмен ақша табуды көздедім. Дәлірек айтсам, ұрлық жасап, сотты болдым. Жолдасым екеуміз темір ұрлап өткіздік. Жасаған ісімнен бауырларымнан, туған- туыстарымнан ұяламын. «Қылмыстың-өтеуі жаза» демекші, жазамды алдым, онымен қоса 100 сағат мәжбүрлі еңбекті де орындап жатырмын. Бұл жаза мен үшін тәрбиелік мәні бар сабақ болды» – дейді пробация есебіндегі азамат.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Комментарий