Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда судьяларды жауапқа тартудың ескіру мерзімі ұзартылмақ

Қазақстанда судьяларды жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімін ұзарту жоспарланып отыр. «Сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы» Конституциялық заңға түзетулерді Мәжіліс депутаттары қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Заң жобасы сот кадрларын іріктеу механизмін жетілдіреді, судьялардың кәсіби қызметін бағалай отырып, судьяларды жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімін ұзартады, сонымен қатар соттарды қаржыландырудың жаңа моделін белгілейді», — деді депутат Снежанна Имашева.

Сондай-ақ, Имашева сот жүйесі мәселелері бойынша ілеспе заңға қорытынды дайындайтынын мәлімдеді.

«Ұсынылып отырған өзгерістер әкімшілік заңнаманы жетілдіруді, сот ісін жүргізудің IT-сервистерін енгізуді көздейді. Сот кадрларын іріктеу, сондай-ақ сот жүйесін қаржыландырудың жаңа тәртібін енгізу мәселелері», — деді ол.

Комментарий