Жаңалықтар | Новости

Тәуелсіздіктің орнығуына үлес қосқан ҚАЖ ардагері

Еліміздің тәуелсіздік шежіресі жазыла бастағанына небәрі 30 жыл болады. Тәуелсідіктің алғашқы қалыптасу жылдарында, бүгінгі еліміздің көркейіп, дамуына өзіндік үлесін қосқан, әр сала қызметкерлері бүгінде ел ағасы жасында.Сондай ардагер қарттың бірі, ҚАЖ саласына ерен еңбегі сіңген отставкадағы полковник Жамуров Серікбай Қойшыбайұлы.

Еңбек жолын 1971 жылы Сырдария аудандық арнайы комендатураның милиционері болып бастаған сол кездегі жас маман, облыстық ішкі істер басқармасында, облыстық ішкі істер департаментінде, облыстық полиция департаментінде түрлі лауазымдық міндеттерді атқарған.

Ішкі істер саласының барлық сатысынан өтіп,соның ішінде қылмыстық атқару саласында да, өзіндік өрнегін қалдырды. Бүгінгі таңда бұл кісі, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полковник,зейнеткер.

Өмірдің өр өткелінен өтіп, егеменді еліміздің қауіпсіздігін сақтау жолында, жазалау орындарында ел заңының орындалуын қадағалап, қылмыскерлерді өмірге қайта тәрбиелеп, құқық қорғау саласының майталман маманына айналды. Содан болар, ардагер ағамыздың өнегелі ғұмырын ЗК-169/1 тергеу изоляторының жеке құрамына үлгі ету және тәжірибие бөлісу мақсатында, мекеменің кадр бөлімі «Тәуелсіздік тарландары» деген тақырып аясында кездесу мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырып отырады.

Өйткені қайраткер, егемендіктің елең-алаңындағы, тергеу изоляторы жұмысының қыйындығын көзбен көріп бастан кешті. Бірақ, сол қыйындықтарға мойымай, 27 жыл Ішкі істер саласында табанды еңбек етіп,отставкаға шықты. Саланың майталман ардагері жас мамандарды отанға адал қызмет етуге, тәуелсіздігіміздің баянды болуы жолында, жұмыла жұмыс жасауға және бұл қызметтерінде табанды болуға шақырады.

Комментарий