Жаңалықтар | Новости

Жеке құрамға тұмауға қарсы екпе салынды

Жылда күз мезгілі келгенде ЖРВИ( өткір жұқпалы аурулардың өршитіні белгілі). Маусымдық аурудан қорғанудың ең сенімді әдісі – тұмауға қарсы екпе салдыру. Тұмау эпидемиясының өз заңдылығыкоронавирусқа бір табан жақын. Адам бір мезгілде тұмаумен де, коронавируспен де ауыруы мүмкін.

Осыған орай, қызметкерлердің денсаулығын сақтау мен аурудың алдын алу мақсатында ЗК-169/1 тергеу изоляторының жеке құрамына екпе салынды.

ҚАЖ саласы қызметкерлерінің жұмыс уақыты қауырт болғандықтан, Облыстық полция департаменті емханасының дәрігерлері өздері келіп, мекеме қызметкерлерінің екпе алуына қолайлы жағдай тудырып, қызметтерін ұсынды.

Мекемеге келген ақ халатты абзал жандар, алдымен түсіндірме жұмысын жүргізді.
Дәрігер, Нұрмаханбетов Абылайхан Ғалымжанұлының айтуынша, тұмауға қарсы вакцина – кез — келген вирустан қорғаудың ең тиімді жолы. Салынған екпе, 6 айдан 12 айға дейін иммунитетті күшейтуге көмектеседі.

— Екпені уақытында алудың маңызы зор. Вакцина жасасаңыз, бойыңызда вирусқа қарсы антиденелер пайда болады. Қазіргі короновирустық инфекцияның қаупі жойылмай тұрған жағдайда, тұмау қосылмаса толқын жеңіл өтеді. Өйткені коронавирус пен тұмау ұқсас. Яғни, екеуі де тыныс алу жүйесі ауруын қоздырады. Екі вирус та жақын байланыс, ауа арқылы жұғады. Сондықтан жеке гигиенаны сақтау қажет- деп түсіндірді дәрігер жеке құрамға.

Вакцинация тұмау вирусының эпидемияны тудырмауы үшін, ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға да қажет екенін есте сақтаған жөн. Жеке құрам неғұрлым көп егілсе, вирустың мекемеде таралу мүмкіндігі де, соғұрлым аз болады. Осының маңыздылығын жете түсінген тергеу изоляторының 46 қызметкерлері өз еріктерімен екпе қабылдады.

Комментарий