Судья мінбері | Судебная система

Сот кабинеті – сала жұмысын жеңілдетті

Сот төрелігін жүзеге асырудың және сот өндірісінің барынша ашықтығына қол жеткізудің ең тиімді бағытының бірі – ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану болып табылады. Еліміздің сот жүйесі ТМД елдерінің арасында алғашқы болып 1999 жылы ақпараттық технологияларды енгізуді бастап кетті. Осы тәжірибенің негізінде 2004 жылы барлық соттарды біртұтас автоматтандырылған сот өндірісі жүйесін құру туралы тұжырымдама жасалды. Ал 2007 жылы еліміздің барлық соттарына Біртұтас автоматтандырылған ақпараттық-сараптамалық жүйені енгізу толықтай аяқталды. Сонымен қатар сот саласын дамыту және неғұрлым жеңілдету, қолжетімді ету мақсатында «Сот кабинеті» сервисі енгізілді.

Сот ісін жүргізуді жеңілдету және қарапайым азаматтар үшін сот жүйесінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында  ашылған Сот кабинеті – қызметінің игілігін бүгінде талай адам көріп отыр. Еліміздің кез келген азаматы немесе оның адвокат тұлғасындағы өкілі өзіне ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ ғаламтор арқылы сот құжатын, сондай-ақ істегі мәртебесін қарай алады тіпті сот актісін басып шығара алды.

Аталмыш қызметтің пайдасын сезінгендіктен бүгінде оны қолданушылардың саны артқан. Тек «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан алдын ала электронды цифрлы қолтаңба алып алса болғаны. Қазіргі таңда кез келген сатыдағы азаматтық, қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерге байланысты кез келген тараптардан келіп түскен талап арыздар өз кезегінде әрбір судьяларға база арқылы автоматты түрде әр санат бойынша бөлінеді. Электронды жүйе арқылы істерді автоматты бөлудің бірден бір мақсаты- талап арыз берген тараптардың істі қарау барысында автоматты түрде бөлінген судьяларды білмеуі, соған сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оны  жою болып табылады. Істі өз өндіріне қабылдаған соң судья іс бойынша шығарған әрбір сот актісін «Төрелік» АЖ-не енгізеді, ал тараптар «Сот кабинеті» сервисі арқылы осы сот актілерімен үйлерінде  отырып-ақ таныса алады. Кіріс кеңсесі әрбір келіп түсетін кіріс құжаттарын ең алдымен АПК-нің талаптарына сай келуін тексереді, яғни талапқа сай келмейтін қіріс құжаттар кемшіліктерін жою үшін қайтарылады.  Кіріс құжаттарының заң талаптарына сай рәсімделуі маңызды рөл атқарады,  соның ішінде талап-арыздардың АПК-нің 148-нің бабының талаптарын сақтап рәсімделуіне кіріс құжатты қабылдау кезінде кеңсе мамандары басты көңіл аударады. Себебі заң талаптарына сай рәсімделмеген талап арыздар  қабылданса кейін соттың ұйғарымымен кері қайтарылады. Кіріс кеңсесіне келіп түскен әрбір құжат істер номенклатурасына сәскес тиісті жуналына тіркеледі және орындаушыға «Төрелік» бағдарламасы арқылы жолданады. Қолма-қол келіп түскен әрбір құжат электронды нысанда жүйеге енгізіледі. Бүгінде халықтың уақытын үнемдеп, сұранысқа ие бола түскен бұл қызметтер сот саласын айтарлықтай алға дамытты деп айта аламыз!

М. Тагай, Алматы қаласы Бостандық аудандық №2 сотының жетекші маманы

Комментарий