Жаңалықтар | Новости

Тағы бір облыс «қызыл» аймақтан шықты

21 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Атырау облысы «сары» аймаққа өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осылайша: 

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары.

«Сары» аймақта : Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.

Комментарий