Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда астық жинау мөлшері неге азайған?

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин құрғақшылық салдарынан Қазақстанда астық жинау көлемі қысқарғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Әлемде астық жинау ауа райының қолайсыздығына байланысты күрделі. Қазақстанда дәнді және майлы дақылдардың жалпы өнімін 18 миллион тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр, оның ішінде дәнді және бұршақ дақылдары — 16 миллион. Бүгінде егін жинау жұмыстарының 95 пайызға жуығы орындалды.

Биыл құрғақшылық салдарынан астық көлемі азайғанына қарамастан, елдің астыққа деген ішкі қажеттілігі толық қамтамасыз етілді. Экспортқа 6-6,5 миллион тонна астық көлемін сату мүмкіндігі бар», — деді Мамин Үкімет отырысында.

Премьер-министрдің айтуынша, жаңа егіннің сапалық көрсеткіштері айтарлықтай өскен.

«Глютені бар бидай көлемі 28 пайыздан аса жиналған өнім көлемінің 74 пайызына жетті. Бұл бидай әлемдік нарықта жоғары сұранысқа ие екенін ескеру қажет. Форвард сатып алу бағдарламасы аясында «Азық — түлік корпорациясына» астық жеткізуді қамтамасыз ету қажет», — деп қосты Мамин.

Ол облыс әкімдіктері мен ауыл шаруашылығы министрлігіне астық жинауды қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды.

«Сондай-ақ, 2022 жылғы егінге толық қажет тұқым себуді қамтамасыз ету. Индустрия министрлігі «ҚТЖ» ұлттық компаниясымен бірлесіп астықты үздіксіз тасымалдау үшін жылжымалы құраммен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын. Роман Васильевич, үйлестіруді және бақылауды сізге тапсырамын», — деп түйіндеді Мамин.

Комментарий