Жаңалықтар | Новости

Қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаны орындамаудың салдары

Петропавл қаласында жыл басынан бастап сот қоғамдық жұмыстар түрінде жазаға тартқан 21 (жиырма бір) сотталған есепте тұр. Оның ішінде 16 адам қоғамдық жұмыстарды атқарды және қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қоғамға қарыздарын берді. Алайда, жазасын өтеуден жалтарған немесе сот шешімін орындаудан бас тартатын сотталғандар да бар. Сотталғандардың осы санатына жазбаша ескертулер шығарылады және бұдан әрі сотқа қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаны қамауға алуға немесе бас бостандығынан айыруға ауыстыру мүмкіндігі туралы материал жіберіледі.

Қазіргі уақытта сотталушы жазасын өтеуден жасырынып жүр. 14.06.2021 жылы Петропавл қ. ПҚБ-да К.Қ. Жетмековке қатысты заңды күшіне енген үкім түсті, сотталған есепке қою үшін келген жоқ, оның үстіне көрсетілген мекен-жай бойынша тұрмайды. Осыған байланысты оған қатысты бастапқы іздестіру шаралары басталды. Бұдан әрі материал Петропавл қалалық сотына сотталғанды іздестіруге жариялау туралы жіберіледі.

 

СҚО Петропавл қ. ПҚБ аға инспекторы

әділет капитаны Нариман Тукажанов

Комментарий