Жаңалықтар | Новости

Мекемеде қолданбалы өнер бұйымдарының байқауы өтті

20.09.2021 жылы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың  шығармашылығына арналған «Үміт-2021» байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты — сотталушылардың арасында шығармашылық өнерді арттырып, эстетикалық тәрбиелеу .

Байқауға 3 сотталғанның қолөнер бұйымдары ұсынылды. Олардың ішінде домбыра, киіз үй, қобдиша әртүрлі мүсіндері бар. Сотталғандардың өнер туындысын бағалаған  мекеме қызметкерлері І орынға «Домбыра» туындысын лайық деп таныды. Жүлделі орын алған сотталғанның «Домбыра» туындысы мекемелер арасында өтетін  байқауға қатысатын болады.

 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Комментарий