Судья мінбері | Судебная система

Айыппұлды уақыттылы өтеудің маңызы зор

Әкімшілік жазаның ең көп тараған түрі айыппұл екені белгілі. Негізінен әкімшілік істердің 80 пайызында айыппұл түріндегі жаза қолданылады екен. Соның дәлелі жыл сайын тіркелетін әкімшілік құқық бұзушылықтардың басым бөлігінде әкімшілік айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылғандардың саны басым екенін көріп отырамыз.

Сондай-ақ 2015 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енген жаңа әкімшілік кодекс бойынша ізгілендіру мен ашықтыққа көңіл бөлінген. Жеке тұлғаға айыппұл салынғаннан кейін 7 тәулік ішінде тағайындалған сомманың тек жартысысын төлеу құқығы ұсынылған. Демек айыппұлға мойын ұсынып, тез арада «айыбын жуып шайса» соның жартысын ғана өтету арқылы, ынталандыру, бастысы енді тәртіп бұзбауға шақыру көзделгені байқалады. Айппұл түріндегі жазаның маңызды жері де осында. Яғни бастысы мемлекет тарапына ақша өндіру емес, құқық бұзбауға ынталандыру деуге болады. Құқық бұзу фактісімен келіскен, өзінің кінәсін мойындаған, айыппұлды төлеуге өз еркімен дайын, ешкімге талабы жоқ болған кезде ғана мүмкін болатындығы заң бойынша айқындалған. Бұл жағдай, әрине, қазіргі кезде орын алып отырған салынған әкімшілік айыппұлдардың орындалмау мәселесін шешуде маңызы зор. Сондықтан, мұндай жазаның қысқартылған өндіріс әкімшілік жазалардың ерікті түрде орындалуына және де сот жүйесіне түсіп отырған жүктемені азайтуға өз септігін тигізері хақ.

Жалпы еліміз соңғы жылдары жазаны айыппұл түрінде өтеуге ерекше көңіл бөліп отыр. Негізі айыппұл әлемнің көп елдерінің қылмыстық заңдарында кеңінен қолданылады. Мәселен Англия, Франция мен АҚШ-та айыппұл қолданылу жиілігі бойынша ең таралған жазалау шарасы болса, Германия айыппұлды маңыздылығы жөнінен екінші орынға қояды екен. Қылмыстық жазалау түрі ретінде айыппұлдың артықшылықтарына келер болсақ: түрмеде отырғандардың санының азаюы; шағын мөлшердегі қылмыс жасағандар мен түрмеде ұзақ отырған ауыр қылмыспен сотталғандардың арасындағы тікелей байланыстың болдырылмауы; жазаның осы түрін орындауына байланысты үстемелердің шағын мөлшерде ғана болуы, яғни арнайы атқарушы органдарын құруға қажеті жоқ; мемлекеттік бюджетке кіріс; сотталып жатқан азаматтың жағдайына байланысты соттың жекеленген үкім шығара алу мүмкіндігі; заңға мойынұсынушылық мінез-құлқын ынталандыру шараларын қолдану мүмкіндігі. Бұл жерде айыппұлды төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу, өнегелі мінез көрсетуі үшін айыппұл мөлшерін төмендету секілді жеңілдіктер қарастыруға болады.

Соңғы жылдары көптеген батыс елдерінде айыппұлды несие сияқты бөлеп төлеу де қолданысқа еніп жатыр, себебі көптеген азаматтардын айыппұлды бірден толығымен төлейтін мүмкіндіктері болмайды. Біздің елімізде де айыппұлды қолданудың ауқымы жылдан-жылға артып бара жатыр. Осы орайда бізге де бөліп төлеу секілді жеңілдіктерді қарастыру қажет секілді. Бір сөзбен айтқанда барлық батыс елдерінде қолданып жатқан тәжіребиені Қазақстанда да кеңінен енгізу қажеттілігі туындап тұр.

Айта кетер жайт, соңғы жылдары елімізде жемқорлыққа қатысты да айыппұл түріндегі жаза қолдану жолға қойылуда. Мамандар жемқорлықтың жолын кесуде, айыппұл түріндегі жазаның маңызы зор» дейді. Сондықтан жемқорлықтың алдын алуға қатысты да, айыппұлдың ауқымын кеңейте түсу қажеттілігі сезіледі.

Т. Рахметов, Алматы қаласы Бостандық аудандық №2 сотының жетекші маманы

Комментарий