Жаңалықтар | Новости

Сотталғандар шығармашылығын арттырған байқау

   ЗК-169/1 тергеу изоляторыгның шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталған азаматтары арасында суреттер мен қолданбалы өнер бұйымдарының  « Үміт-2021»  байқауы өтті.

Мекеменің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен болған бұл байқаудың мақсаты: сотталғандарда эстетикалық талғам және қоршаған ортаға қайырымды қарым-қатынасты  тәрбиелеуге табиғат сұлулығы,өнер,әдебиет, кескіндеме шығармашылықтары жөнінде түсініктердің дамуына бағытталған болатын.

Мен бұл байқауға туған жерімнің әсем табиғатын бейнелеген пейзажымды ұсындым. Ертерек, елге оралып, жаңа өмір бастағым келеді – деді, Е. есімді сотталған.

Мен ағаштан ойып жасалған ұлттық нақыштағы туындымды ұсынып отырмын. Ағаштан ою ойып жасау өнеріне бала кезімнен құмармын.Бостандыққа шыққан соң, жеке цех ашқым келеді- дейді Н. есімді сотталған азамат.

Ия, шынында да, бұл өткізілген байқау сотталғандардың шығармашылық шабытын оятып, бостандыққа деген үміт сәулесін сыйлады.

Комментарий