Жаңалықтар | Новости

Мемлекеттік тілдің басымдылығы туралы

Қазақстан Республиксы Конституциясының 7 бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл – қазақ тiлi болып нақты белгіленген.

Ал, тiлдердi қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтiн «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 4 бабында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi болып табылады деп көрсетілген.

Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.

Сондықтан қоғамның барлық салаларында, соның ішінде сот ісін жүргізу саласында да мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту басты міндет болып табылады.

Бұған негіз ретінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 4 бабына сай, мемлекеттiк органдардың актiлерi мемлекеттiк тiлде әзiрленiп, қабылданады, тек қажет болған жағдайда, мүмкiндiгiнше, басқа тiлдерге аударылуы қамтамасыз етiле отырып, оларды әзiрлеу орыс тiлiнде жүргiзiлуi мүмкiн екенін атап өтуге болады.

Бұл заңның талабынан шығатын қорытынды, кез-келген қылмыстық іс бойынша сот ісін жүргізу тілі мемлекеттік тіл екендігі тайға таңба басқандай көрсетілген деп санауға болады.

Яғни, анықтаушы, тергеуші немесе прокурор қылмыстық істі өндіріске алудан бастап іс жүргізушілік құжаттарын мемлекеттік тілде ресімдеп, сот ісін жүргізу тілі мемлекеттік тілде белгілеуге міндетті.

Бұл заң талабы, заман талабы.

Сонымен бірге, кейбір орыс тіліндегі қылмыстық істерді зерделегенде іске қатысушылар мен куәлар жауаптарын қазақ тілінде бергеніне қарамастан қазақ тілінен орыс тіліне аударма жасау үшін іскеаудармашы тартып қылмыстық іс жүргізу тілін орыс тілінде жүргізуге деп белгілегендері көрінеді.

Сондықтан, мемлекеттік тілдің қанатын кеңге жаюына және дамуына әрбір ел азаматы, оның ішінде құзырлы орган өкілдері өздерінің сүбелі үлесін қосуға тиіс, яғни сот ісін жүргізу саласындағы әрбір мемлекеттік қызметші отан сүйгіштік рухымен мемлекеттік тілге құрметпен қарап, тіл жанашыры ретінде мемлекеттік тілді қоғам өмірінің өзегіне айналдыруға міндетті.

 

Маңғыстау облысының

қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

сотының сот приставы

Б.Кушкинбай

Комментарий