Жаңалықтар | Новости

Ақмешіт-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі департамент қызметкерлерімен кездесті

15.09.2021 жылы Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде  «Ақмешіт-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Ж.Тұсмағамбетов «Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» бойынша жеке құрам қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесуде «Ақмешіт-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Жандос Тусмагамбетов сыбайлас жемқорлық мәселелеріне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша хабарлама жасады.

, сала қызметкерлерін адалдыққа, парасаттылыққа, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға шақырды.

Сонымен қоса тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен жүргізіліп жатқан жұмыстарға да тоқталып өтті. Ол өз сөзінде «Пара беру мен парақорлыққа делдал болу, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуға қатысты жауапкершілік күшейтілгенін де атады.

«Сондықтан да мен әрбір мемлекеттік қызметкерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы мүлтіксіз сақтауға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке,  адалдыққа, парасаттылыққа, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға шақырамын», — деді жоба жетекшісі Жандос Тұсмағамбетов.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Комментарий