Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 70 адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 70 адам қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

15 қыркүйектегі дерек бойынша, елімізде COVID-19-дан 62, пневмониядан 8 адам көз жұмған.

17 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 72 789 адам коронавирус инфекциясынан (–64 262 + және 8 527 КВИ-) емделіп жатыр:

  • 13 610 пациент стационарда,
  • 59 179 науқас амбулаториялық деңгейде.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1 064 адамның жағдайы ауыр,
  • 317 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 192 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.

Комментарий