Жаңалықтар | Новости

Қызылордада сотталғандар халық санағынан өтті

Елімізде 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап халық санағы басталды. Осыған орай, Қызылорда облысы статистика департаментінің мамандары  Қызылорда қаласындағы түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарды санаққа алу жұмыстарын жүргізуде.

Бұған дейін сала мамандары жеке құрам қызметкерлеріне онлайн санағы, яғни, sanaq.gov.kz сайтында сауалнамалар толтыру бойынша түсіндірме жұмыстарын  жүргізген болатын. Соның нәтижесінде , мекеменің арнайы есепке алу тобының қызметкерлері  сотталғандардың барлық деректерін «Халық санағы» веб –сайтына статистика департаментінің мамандарымен бірге енгізу жұмыстарына көмек көрсетуде. Бүгінгі күнге ҚАЖ департаментіне қарасты түзеу мекемелеріндегі барлық сотталғандар  халық санағынан өтті.

 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Комментарий