Жаңалықтар | Новости

Қасым-Жомарт Тоқаев Путинмен Ауғанстандағы жағдайды талқылады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Кремль сайтында жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тараптар Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында Душанбеде өтетін іс-шараларға байланысты ауған мәселесін жан-жақты талқылағаны айтылды.

«Сондай-ақ, екіжақты күн тәртібіндегі кейбір өзекті тақырыптар, соның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы бірлескен іс-қимыл мәселесі де қозғалды. Байланыстарды жалғастыру туралы келісілді», — деді Кремльдің баспасөз қызметі өкілдері.

Бұған дейін Владимир Путин өзін-өзі оқшаулау режимін сақтау керегін айтқан болатын.

Комментарий