Жаңалықтар | Новости

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Алдағы үш күнде Қазақстанда жаңбыр жауып, күн салқындайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК мәліметіне сілтеме жасап.

16 қыркүйектен бастап елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында, ал 17 қыркүйектен бастап республиканың орталығында жаңбыр жауады. Бұл — Екатеринбург аудандарынан келетін циклонның атмосфералық фронталь жүйелеріне байланысты. Қазақстанның қалған аумағында, жоғары атмосфералық қысым аясында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады деп болжанған.

«Батыста түнде 3-11-ден 1-9 градусқа дейін жылы, күндіз 15-23-тен 10-18 градусқа дейін жылы, солтүстік-батыста түнде 7-12-ден 2-7 градусқа дейін жылы. 18 қыркүйекте солтүстікте 3 градус үсік, күндіз 17-25-тен 10-17 градусқа дейін жылы, солтүстікте түнде 8-13-тен 2-10 градусқа дейін жылы болады. Өңірдің орталығы мен шығысында 5-15 градус жылы, күндіз температура 20-28-ден 15-25 градусқа дейін төмендейді, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 28-35 градус жылы болады», — делінген хабарламада.

Комментарий