Жаңалықтар | Новости

Чехия президенті ауруханаға түсті

Чехия президенті, 76 жастағы Милош Земан ауруханаға түсті. Бұл туралы сейсенбіде Прагадағы Орталық әскери аурухананың өкілі Итка Зинке журналистерге мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

«Шамамен бір сағат бұрын республика президенті Милош Земан ауруханаға түсті», — деді ол.

Оқиғаның мән-жайы айтылмады.

Милош Земан — Чехияның мемлекеттік және саяси қайраткері, 2013 жылдың 8 наурызынан бастап елдің президенті. 1993 жылдан 2001 жылға дейін Чех социал-демократиялық партиясын басқарған.

Комментарий