Жаңалықтар | Новости

«Учаске» Республикалық профилактикалық іс-шарасы

Үстіміздегі жылдың 1-ші қыркүйегімен 1-ші желтоқсаны аралығында ҚР Ішкі істер министрі полиция Генерал лейтенанты Е.З.Тургумбаевтің 28-ші тамыз 2021жылғы нұсқауын орындау, яғни Республика көлемінде бекітілген әкімшілік аумақтарда әртүрлі құқықбұзушылықтардың алдын алу және экстремизммен терроризм фактісіне жол бермеу, сондай-ақ азаматтармен сенімді қарым-қатынас орнатумен Ішкі істер органының имиджін көтеру мақсатында «Учаске» атты Республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталған іс-шараға БҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің Пробация қызметінің барлық жеке құрамы қызу атсалысуда. Олар өздеріне бекітілген әкімшілік аумақтарда есепте тұрған «қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес сотталғандар» тарапынан жасалуы мүмкін қайталанған қылмыстармен әкімшілік құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында жұмыстануда.

 

БҚО бойынша ҚАЖ Департаменті Орал қалалық пробация қызметінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты С.Д.Джумагазиев.

Комментарий