Құқық | Право

Кісі өлтірді деген боксшыға бұлтартпау шарасы таңдалды

Қостанайда кісі өлтірді деген боксшыға бұлтартпау шарасы таңдалды, – деп хабарлайды “Алау”.  https://kaz.tengrinews.kz/

Облыстық сот мәліметінше, 13 шілдеде Қостанай аудандық соты Аслан Мұқановты екі ай мерзімге қамауда ұстау бұлтартпау шарасын тағайындаған.  Мұқановқа ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 3-тармағы (“кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан”) бойынша айып тағылған.  Айта кетейік, 11 шілдеде Алтын дала ауылында 322 жастағы ер адам кісі қолынан қаза тапқан. 31 жастағы бокстан әлем чемпионы Аслан Мұқанов Серік Пішенбаевты өлтірді деген күдікке ілінді.

Комментарий