Жаңалықтар | Новости

Дәрігер вирус инфекциясынан қалай тез айығуға болатынын түсіндірді

Терапевт дәрігер Алексей Хухрев ЖРВИ-дан қалай тез айығуға болатынын және ауру созылып кетпеу үшін не істеу керегін түсіндірді, — деп хабарлайды радио Sputnik.

Дәрігердің сөзінше, көптеген жұқпалы вирустың ерекшелегі — оларға қарсы дәрі жоқ, адам ағзасы ауруды өзі жеңуі керек.

Қолданыстағы вирусқа қарсы препараттар ағзаның ЖРВИ туындауына әсер ететін барлық патогенмен күресуге қауқарсыз. Тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекцияны жеңу де қиын. Оларға қарсы тұмау немесе коронавирус екпесі секілді вакцина жоқ. Алайда, Хухревтің сөзінше, адам тезірек сауығуы үшін иммунитетті нығайтатын дәрумендер ішуі керек.

«D витаминінің деңгейін бақылап жүру керек. Ол иммунитетке тікелей әсер етеді. Егер D витаминінің деңгейі төмен болып, адам ауырып қалса, дәрумен ішу керек», — дейді дәрігер.

Дәрігер адам дұрыс ұйықтап, дұрыс тамақтанып, алкогольден уақытша бас тарту керегін айтады. Бұл ережелер орындалмаған жағдайда адамның аурудан айығуы ұзаққа созылып кетеді. Одан бөлек, ағзаның тез қалыпқа келуіне белсенді өмірді тез бастап кету де кедергі жасайды.

Комментарий