Жаңалықтар | Новости

Погондағыларға Халық санағының маңыздылығы түсіндірілді

Биыл ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өткізілгелі отырған Ұлттық халық санағының маңызы зор. Сондықтанда, мекеменің кадр саясат тобының ұйымдастыруымен жеке құрам мен ерікті жалдамалы қызметкерлерге Халық санағының өтілуі жайында түсіндірме жұмысы өтті.
Алдымен жыйындағыларға үшінші рет өткізгелі отырған бұл жолғы санақтың ерекшелігі жайлы мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры Қ.Олжабаев:
— Елімізде үшінші рет өткізілгелі отырған Ұлттық халық санағының ерекшелігі сол, бұл санақ электронды түрде жүзеге асырылады. Және де, әр тұрғын sanaq.gov.kz арнайы сайтына кіріп, сауалнаманы өзі толтыра алады. Халық санағына қатысқан әрбір Қазақстан азаматы елдің әлеуметтік бағдарламаларын жоспарлауға және дайындауға ауқымды үлес қосатындықтан, жауапкершілікпен қарау керек- деп ескертті.
Бұдан соң, кадр қызметкерлері жекеқұрамға санаққа қалай тіркелу керектігі жайлы видеоны көрсетті. Тіркелу ретін көзімен көрген қызметкерлер, өздерінің бұл науқанға толықтай ат салысатындықтарына сенім білдірді.
Ия, жұмыстары қауырт ҚАЖ қызметкерлері үшін тәулік бойы жұмыс жасайтын sanaq.gov.kz арнайы сайтына кіріп,тіркелу тиімдірек. Еліміздің патриот азаматтары ретінде осынау халқымыздың барын бағамдайтын шақта,погондағылардың қалыс қалмайтыны анық.

Комментарий