Жаңалықтар | Новости

Алматыда 89 оқушы коронавирус жұқтырған

Алматыда оқу жылының басынан бері 89 оқушы коронавирус жұқтырған. Бұл туралы қаланың бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Брифинг барысында Бекшин оқу жылының басталуына дейін, жазда оқушылар арасында сырқаттанушылық жекелеген күндері тәулігіне 160 жағдайға жеткенін айтты. 1 қыркүйекке дейін шектеу шараларын сақтау қажеттілігін түсіндіру үшін ата-анамен кездесулер өткізілген. Бекшиннің айтуынша, балалардың көпшілігі инфекцины үйінде жұқтырады.

«Қазір оқушылар арасында сырқаттанушылық тәулігіне 100 жағдайға дейін төмендеді. Ауру 14 күнге созылады, ал жыл басынан бері тоғыз күн өтті. Олардың көпшілігі тамызда вирус жұқтырып, үй карантинінде, ал біреуі медициналық мекемелерде оқшауланған. Бүгінде 1 қыркүйектен бастап офлайн оқуға оралғандардың ішінде 62 мектепте 89 оқушы вирус жұқтырып алған. Олар оқыған барлық сынып карантинге жіберілді, өйткені бір жағдай болса да, сынып карантинге жіберіледі. Балалардың вирус жұқтыру жағдайының 99 пайызы мектептерде емес, үйде ауырған отбасы мүшелерінен жұққан», — деді Бекшин.

Бас дәрігердің айтуынша, бұған жол бермеу үшін отбасында вирус жұқтарған туыстар оқшаулануы керек және олармен баланың байланысын шектеу керек. Егер үй-жайында оқшаулану мүмкін болмаса, онда аурған адамды медициналық мекемелерге карантинге жіберуге болады.

Комментарий