Жаңалықтар | НовостиҚоғам | Общество

Қарағанды облысында әскери полигондағы дүмпулерден үйлер құлауға шақ тұр

Қарағанды облысына қарасты «Сарышаған» әскери полигонының маңында тұратын тұрғындар оқу-жаттығулардың дүмпуінен үйлерге зақым келіп жатыр деп шағымдануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

Тіпті көп қабатты үйлердің бірінің қабырғасы қарс айырылып, құлауға шақ қалған. Дегенмен әкімдік тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру мәселесін шеше алмай отыр. Өйткені онсыз да қаңырап қалған қалашықта бере қоятын үй жоқ дейді әкімдектегілер.

“Мына үйді темірмен жалғап қойған ғой үйді. Бес пен төртінші этаждың темірлері көтеріліп тұр. Балконымыз уклон болып тұр. Үйдің ішінде уклон анық білінеді”, – дейді тұрғындардың бірі Эльвира Қоржұмбаева.

Іргетасы отырып, қабырғасы сөгілген апатты үйді әкімдік екі жыл бұрын темір бетондармен бекітіп берген. Бірақ, оның өзі баспананы әзер ұстап тұрған көрінеді. Тіпті қоршауға қарамастан қабырғадағы жарықшақ күнен-күнге ұлғайып келеді дейді тұрғындар. Енді тұрғындар үйіндінің астында қаламыз деген үрейде отыр.

Әкімдік 43 жыл бұрын тұрғызылған бұл үйдің опырылуы «Сарышаған» әскери полигонындағы оқу- жаттығулар кезінде болатын дүмпулердің кесірінен дейді. Кент әкімдігі үйдің бесінші қабатындағы қатты бүлінген үш пәтердің иесіне жаңа үй бермек. Бірақ қалған 57 отбасын көшіре қоятын жаңа үй таппай отыр.

“Ағымдағы жылы шұғыл шығындарға арналған резерв есебінен 7 млн. теңге бөліп, қыркүйек айының соңында 4-ші үйге техникалық сараптама, үйдің жарамсыздығы, апаттылығы бойынша тексеріс жүргізіледі. Қорытынды есеп 4-ші үй тұрғындарына қосымша хабарланады”, – дейді Сарышаған кентінің әкімі Ануар Тойымбеков.

Комментарий