Жаңалықтар | Новости

МАҢҒЫСТАУДА ЗАҢСЫЗ АУЛАНҒАН БЕКІРЕ БАЛЫҒЫ ТӘРКІЛЕНДІ

Маңғыстау облысында «Қызыл кітапқа» енген бекіре тұқымдас балықты заңсыз тасымалдаған жүргізуші ұсталды. Күдікті Ақтау-Ақшұқыр тас жолының 19-шақырымында қолға түсті.

Тәртіп сақшылары мұны Түпқараған ауданында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде анықтады. Қазір ұсталған 34 жастағы ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Сонымен қатар, тағы бір тұрғыннан 51 келі бекіре тұқымдас балығы тәркіленді. Полиция қызметкерлері сағат 18:45-терде күдіктінің үйін тінту кезінде мұздатқыштан тағы 15 дана бекірені тапқан. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі басшысының міндетін атқарушы Әйгерім Ибатуллаева:
-Маңғыстау облыстық полиция департаментінің табиғатты қорғау полиция қызметкерлері Түпқараған ауданының тұрғынынан бекіре тұқымдас балықтарды тәркіледі. Аталған факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 339-бабының бірінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жазира Қуанышбекқызы

Комментарий