Жаңалықтар | Новости

Жеке құрам өрт сөндіру бойынша оқып жаттықты

Қызылорда облысы, ҚАЖ департаменті ЗК-169/1 мекемесінде «Өрт болған жағдайлардаатқарылатыніс-қимылдар»тақырыбында оқу-жаттығуөткізілді. Бұл іс-шара Қызылорда қаласы No2 мамандандырылған Өрт сөндіру мемлекеттік мекемесінің мамандарымен бірлесіп, кезекші қызметтің және жеке құрамның мекемеде өрт шыққан жағдайда іс-әрекеттерін жетілдіру мақсатында болды.
2021 жылдың 6 қыркүйегінде сағат 16:00 шамасында мекеменің көлік тұрағы ауласында, майланғпн сүрткіш материялды жинаусыз қалдырғанның салдарынан өрт шығып, қойма іші бықсып,көк түтінге оранды. Бақылау өткізу бекетінде орналасқан автоматты өрт дабыл қондырғысы дабыл сигналын беру барысында, бекет бақылаушысы өрттің шыққанын байқап, уақытында мекеме бастығының кезекші көмекшісі әділет капитаны Н.Кенжеғұловқа баяндады. Ал, кезекші шұғыл түрде, қалалық өрт сөндіру бөліміне хабарлады.
Жаттығу өткізуге күндізгі топ қызметкерлері, жеке құрам қызметкерлерінен құралған ерікті өрт сөндіру жасағы, медицина қызметкерлері қатыстырылды.
Жеке құрам уақытында жиналып, топтарға бөлініп және тиісті топқа атқаратын тапсырмалары берілді. Күндізгі топ қызметкерлерінен құралған ерікті өрт жасағы қолдарында бар арнайы құралдармен алғашқы өрт сөндіру шараларын іске асырды. Бақылау өткізу бекетінде қосымша бақылаушылар қызметке қосылды және қызметті күшейтілген кестеге сәйкес қызмет атқарылды.
Төтенше жағдай кезіндегі сақтық шаралар да қарастырылды. Түтінен иістенген 1 ерікті жалдамалыға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Байланыс құралдарының да қызметі сыналды. Жаттығу барысында барлық телефон, рация байланыстары мінсіз жұмыс жасады.
Кешікпей жеткен, No 2 Қалалық Өрт сөндіру экипажы орын алған өрт бойынша толықтай сөндіру жұмыстарын жүргізді.
Оқу-жаттығу өткізілуі кезеңіндегі мекеменің жеке құрамының іс-әрекетіне қорытындылау жүргізіліп, жеке құрамның дайындығы мен жаттығу барысындағы іс-әрекеттері жақсы деп бағаланды.
Бұл өткізілген іс-шара қызметкерлердің жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.

Комментарий