Жаңалықтар | Новости

Маскүнемдерді мәжбүрлеп емдемек

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінде абайсызда қылмыс жасағандар жазасын өтейді.Мекемеде жазасын өтеуші азаматтардың арасында 45сотталған ҚР ҚК-нің 346- бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) кінәлі деп танылып,1жыл мерзімге сотталғандар.Бұл азаматтардың арасында ҚР ҚК-нің 91-бабының 1-бөлігімен маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу тағайындалғандары да бар. Мекеменің дәрігерлік денсаулық бекетінің фельдшері әділет кіші лейтенанты Ж.Иманбектің айтуынша мәжбүрлеп емдеу тағайындалған сотталғандарға Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог мамандары ем тағайындайды.Сол тағайындалған емдеу шаралары бойынша 15күн мен 2ай аралығында мекеменің медицина бөлімінің қызметкерлері емдік жұмыстарын жүргізеді. Осылайша мекемеде жазасын өтей жүріп, маскүнемдіктен де емделіп шығады.

Комментарий