Жаңалықтар | Новости

Маңғыстау облысында кен орнындағы жатақхана өртенді: Қаза тапқандар бар

Маңғыстау облысындағы Боранқұл кен орнындағы жатақханада өрт болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“ҚазМұнайГаз” компаниясына таратқан ақпаратқа сәйкес, 6 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы бойынша шашамен сағат 04.55-те Маңғыстау облысы «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» ЖШС-не қарасты Боранқұл кен орнында екі қабатты жатақханада өрт шыққан.

“Қазіргі уақытта өрт ауыздықталды. Өртті сөндіруге «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС өртке қарсы қызметінің 2 өрт тобы жұмылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша оқиға кезінде екі адам қаза тауып, үш адам жарақат алған», – делінген хабарламада.

Оқиға орнына «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС филиалының басшылығы барды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың жетекшілігімен оперативтік штаб құрылды. Жедел штабтың құрамына тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері кірді.

Комментарий