Жаңалықтар | Новости

Коронавирустың «мю» штаммының антиденелерге төзімді екені анықталды

АҚШ-тың бас инфекционист дәрігері Энтони Фаучи коронавирустың “мю” штаммы антиденелерге төзімді екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Бұл вирустың мутациясы кейбір антиденелерге төзімді келеді”, – дейді сарапшы.

Десек те, Фаучидің сөзінше, коронавирустың “мю” штаммы “дельта” штаммы секілді айтарлықтай қауіп төндіріп тұрған жоқ.

Қазіргі таңда ғалымдар жаңа вирус мутациясын бақылауға алған.

Айта кетсек, бұл штамм ең алғаш 2021 жылдың қаңтарында Колумбияда анықталған. Қазіргі таңда “мю” штаммы 40 мемлекетте таралған. ТМД аумағында вирус әлі тіркелген жоқ.

Комментарий