Жаңалықтар | Новости

Тәліптер Ауғанстан аймағында ауаға оқ атуға тыйым салды

«Талибан» қозғалысының өкілдері жергілікті әкімшіліктер мен әскерилерге Ауғанстан аумағында ауаға оқ атуға тыйым салу жөніндегі нұсқаулықтар шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.

Тиісті бұйрықтың мәтінін жексенбіде қозғалыстың өкілі Забихулла Мужахид Twitter-де жариялады.

«Ауғанстан Ислам Әмірлігінің әскери істер жөніндегі комиссиясы қол қойған нұсқаулықта Кабулда және елдің басқа қалаларында ауада атыс адамдардың өліміне және жарақат алуына әкеп соғады, сонымен қатар бейбіт тұрғындар арасында қорқыныш тудырады. Осыған байланысты Кабул мен провинциялардағы барлық әскери шенеуніктерге, командирлерге және басқа да жауапты адамдарға ауада оқ атқандарды дереу тұтқындап, қарусыздандыру тапсырылды. Кабул мен провинцияның полиция бастықтары мен барлау қызметкерлеріне қылмыскерлерді анықтау мен жазалау үшін шұғыл және шешуші шаралар қабылдау тапсырылды», – делінген нұсқаулықта.

Сондай-ақ құжаттың мәтінінде ауаға оқ атқандардың арасында көбінесе Талибан мүшелері бар екені айтылады. Оларға бұйрықтың логикасына сәйкес санкциялар да қолданылуы тиіс.

Комментарий