Жаңалықтар | Новости

Дәрігерлер өлім қаупін төмендетудің қарапайым әдісін тапты

Күн сайын 7000 немесе одан да көп қадам жасайтын адамдар аз жүретіндерге қарағанда өлім қаупінен қорғалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы американдық дәрігерлер мәлімдеген. Зерттеу нәтижелері JAMA Network Open басылымында жарияланды.

Зерттеу 1985 жылы 38 мен 50 жас аралығындағы 2110 әйел мен ер адаммен басталған. Мұны Солтүстік-Батыс университетінің ғалымдары жүргізді. 2005-2006 жылдары қатысушыларға физикалық белсенділік деңгейін өлшеу үшін бір апта бойы олар акселерометр киіп жүрген.

Көрсеткіштерді алғаннан кейін мамандар адамдарды үш топқа бөлді. Біріншісіне физикалық белсенділігі төмен қатысушылар кірді, олар тәулігіне орта есеппен 7000 қадамнан аз жүрді. Екінші топты физикалық белсенділіктің орташа деңгейі бар жаяу жүрушілер — тәулігіне 7000-9999 қадам, үшіншісінде — тәулігіне 10 мың қадамнан астам жүретіндер. Қатысушылар 2018 жылға дейін бақыланып, өлімнің тіркелуі бойынша нәтижелер ұсынылды.

Зерттеу нәтижесінде сарапшылар дене белсенділігінің деңгейі төмен қатысушыларға қарағанда жоғары және орташа дене белсенділігі бар қатысушылар тобында өлу қаупі айтарлықтай төмен екенін анықтады.

Комментарий