Жаңалықтар | Новости

Алматының бас санитария дәрігері қаладағы карантин режимін жеңілдетті

Бейсенбі, 2 қыркүйекте Алматының бас санитария дәрігері Жандарбк Бекшин жаңа қаулыға қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатта қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталғаны жазылған — коронавирус деңгейі тұрақты түрде төмендеп, инфекциялық төсек-орынның толу көрсеткішін төмендеп, жедел жәрдем шақыру мен ауруханаға жатқызу деңгейі де төмендеген.

Осыған байланысты санитария дәрігері карантин режимін жеңілдеткен. Яғни 4 қыркүйектен бастап Ashyq қатысушылары демалыс күндері де жұмыс істей алады.

Қатысушылар 00:00-ге дейін, ал Ashyq көшбасшылары сағат 02:00-ге дейін жұмыс істей алады.

6 қыркүйектен бастап жұмыс күндері Ashyq қатысушыларының жұмысы 00:00-ге дейін, ал көшбасшы қатысушылардың жұмысы 02:00-ге дейін созылады.

Қаулы қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Толық нұсқасымен мына жерде танысуға болады.

Комментарий