Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 117 адам қайтыс болды

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 117 адам қайтыс болды, 481 науқастың жағдайы өте ауыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

ПТР-талдауы расталған (КВИ+) 96 адам коронавирустан, ПТР-талдауы теріс (КВИ-) 21 науқас пневмониядан қайтыс болған.

Сондай-ақ, 3 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 99 675 адам коронавирус инфекциясынан (92 369 КВИ+ және 7 306 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

21 714 пациент стационарда,
77 961 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

1 547 адамның жағдайы ауыр,
481 пациенттің жағдайы өте ауыр,
255 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Комментарий