Құқық | Право

Ақтөбелік жалған құжатпен мемлекеттік қызметке орналаспақ болды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Мемлекеттік қызметкер болуды армандаған ақтөбелік жалған құжат жасатып алды. https://www.inform.kz/kz

Ол осы құжатпен Аққұдық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметіне орналаспақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақтөбенің Мәртөк ауданы әкімі аппаратының конкурстық комиссиясы уәкілетті органнан заңнаманы білуге және жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуден өтпеген тұлғаны әңгімелесу сатысына жіберген. Бұл заңбұзушылық облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті қызметкерлерінің тексеруі кезінде анықталды. «Аққұдық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы бос лауазымына жалпы конкурс жарияланған. Аталған конкурсқа бір ғана үміткер құжат тапсырған. Алайда, үміткер жалған құжат тапсырды. Ол заңнаманы білуге және жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуден өткені туралы сертификатты қолдан жасатып алған. Олқылықтарға қарамастан комиссия үміткерді әңгімелесу сатысына жіберу және жарияланған бос лауазымға тағайындау туралы мемлекеттік органның басшысына ұсыныс берген. Қазіргі таңда «жалған сертификат» фактісі бойынша құқық қорғау органдарымен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде», – деп хабарлады облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің баспасөз қызметі. Ал салғырттық танытқан Мәртөк ауданы әкімі аппаратының конкурстық комиссиясының 6 мүшесі 113 628 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл төлейді.

 

Комментарий