Жаңалықтар | Новости

Погондағылардың балалары мектепке барды

Бүгін білім күні. Қазақстанның болашағы – мектеп оқушылары, тәуелсіз еліміздің одан әрі дамып, өркендеу жолындағы жастары болып өсіп келеді.Отан –отбасынан басталады десек, сол отбасындағы патриот ұл-қыздарды тәрбиелейтін ата-аналары екені анық.
Олай болса, ЗК-169/1тергеу изоляторында қызмет атқаратын погондағы азамат-азаматшалар, жұмыстарының қауырттығына қарамастан, отбасындағы бала тәрбиесіне аса көңіл бөліп отырады. Мекемеміздегі көп-балалы қызметкерлер, әділет подполковнигі, Даутбаев Қуат, әділет прапорщигі Мұңайтбасов Еркебұлан және әділет аға лейтенанты Тұрымбетов Мейрамбектің ұл-қыздары бүгін бірінші сыныпқа барды.
Соның ішінде, мекеменің кадр саясат тобының кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлық жөніндегі аға инспекторы әділет аға лейтенанты Тұрымбетов Мейрамбек Ұзақұлы ортаншы ұлын 1-сыныпқа апарды. Мейрамбек, қызметте беделді маман болса, отбасында-қамқор әке. Өмірлік серігі Рауза екеуі үш ұл тәрбиелеп отыр. Олар балаларының терең, жан-жақты білім алуына ерекше көңіл бөліп, өздерінің жеке бас қадір-қасиеттерімен жақы үлгі-өнеге көрсетіп келеді. Содан болар, үлкен ұлы Нұркемелді және бүгін ортаншы ұлы Айтмұратты Қызылорда қаласындағы алдыңғы қатардағы мектептердің бірі, № 3 IT мектеп лицейіне оқуға берді.
— Бала-болашағымыз.Сондықтан олардың терең білім алуына ерекше назар аударып отырамын.Бүгін ортаншы ұлымды бірінші сыныпқа ертіп әкелдім. Барша қазақстандық ұстаздар мен ата-аналарды баларының жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Быйылғы оқу жылы табысты болсын- деп, ақжарма тілегін білдірді әділет аға лейтенанты.
Ия, мемлекетіміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында уақытпен санаспай жазалардың орындалуы мен ел заңының орындалуы жолында ерен еңбек етіп жүрген ҚАЖ қызметкерлерінің ұл-қыздарының ата-аналарындай еліміздің терең білімді, ел тірегі болар азаматтары болып болып өсері анық.

Комментарий