Жаңалықтар | Новости

Қыркүйек айында жеңілдікпен алуға болатын Huawei құрылғыларына шолу

Huawei жұмыс пен демалысқа арналған құрылғылар жиынтығын жеңіл бағамен ұсынады. Huawei WATCH GT 2pro сағаттары, FreeBuds 4i құлаққаптары, P smart 2021 смартфоны, сонымен қатар бірден үш планшет: MatePad T10, MatePad T10s және MatePad T8 ресми сату нүктелерінде 20%-ға дейін жеңілдікпен қолжетімді.

Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі Huawei Device директоры Фан Джинйонг: «Күз мезгілінде жеке құрылғыларды жаңарту әдетке айналды. Біз көптен бері өз гаджеттерін ауыстыруға бел буған жандар үшін ең танымал модельдерді ұсынамыз. Ол үшін қыркүйек айының бірінші жартысында кез келген ресми сату нүктелеріне хабарласқан жөн»

WATCH GT 2 Pro — талғампаз, жеңіл ақылды сағат. Оның бір мәртелік қуаты екі аптаға дейін жетеді. WATCH GT 2 Pro құрамында титан корпусына салынған жүзден астам жаттығу мен денсаулықты бақылау тәртібі бар.

FreeBuds 4i – бұл таза дыбысты беретін белсенді шуды басатын сымсыз құлаққаптар. HUAWEI FreeBuds 4i қуатының қызмет ету мерзімі өте ұзаққа жетеді. Құлаққаптар толық қуатталған кезде 10 сағатқа дейін үздіксіз музыка ойнай алады.

P smart 2021 — бұл жасанды интеллект пен түнгі фотосурет тәртібі бар 48 МП камерамен жабдықталған смартфон, оның ішінде 6.67 дюймдік FHD экраны мен 5000 мАч қуаты бар. Басқаша айтқанда, баға мен өнімділік тамаша үйлесімін бір арнаға тоғыстырған смартфон.

MatePad T10, MatePad T10s және MatePad T8 қашықтан жұмыс үшін де, ойын-сауық үшін де өте қолайлы. Олар негізгі кеңсе бағдарламаларын қолдануға ыңғайлы, бейнелерді қарауға және кітаптарды оқуға, сонымен қатар ғаламтор кеңістігінде кезуге мүмкіндік береді.

Науқан туралы толық ақпаратты Huawei ресми сайтында: https://consumer.huawei.com/kz/

HUAWEI Consumer Business Group туралы:

HUAWEI өнімдері мен қызметтері 170-тен астам елде қолжетімді, ғаламшардың үштен бір халқы пайдаланады. Компания АҚШ, Германия, Швеция, Ресей, Үндістан және Қытай сияқты мемлекеттерде 14 ғылыми-зерттеу орталығын ашты. HUAWEI Consumer BG — смартфондарды, ноутбуктар мен планшеттерді, тасымалдайтын электрониканы, мобильді кеңжолақты кіру құрылғыларын, үйге арналған шешімдерді, сондай-ақ бұлттағы сервистерді әзірлеумен және өндірумен айналысатын HUAWEI компаниясының үш бизнес бөлімшелерінің бірі болып табылады. HUAWEI ғаламдық желісінің артықшылықтары, дүние жүзіндегі операциялық қызметтерінің көлемі және дамыған серіктестік желісі телекоммуникация саласындағы 30 жылдан астам жұмыс тәжірибесінің негізінде құрылған.

Комментарий