Жаңалықтар | Новости

Президент ең төменгі жалақыны көтеруді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеруді тапсырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ең төменгі жалақы мөлшері 2018 жылдан бері өскен жоқ. Дүниежүзілік коронавирус пандемиясына байланысты дағдарыс халық табысына қысымды арттырды. Сонымен қатар, ең төменгі жалақы бойынша Қазақстан ТМД-дағы бірқатар елден төмен. Сондықтан, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 42 500-ден 60 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын», — деді Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында.

Комментарий