Жаңалықтар | Новости

Ата Заңым — айбыным

Ата Заңымыздың 1-бабында мемлекетіміздің «ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп айқын жазылған. Заңнама талабы республикамыздағыдай Алматы облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінде де қалтқысыз әрі құрметпен  орындалуда. Нақтылай түссек,  «30-тамыз ҚР Конституция күні құтты болсын. Еліміз аман, заманымыз тыныш, аспанымыз ашық, бақытты, қуанышты күндеріміз көп болсын» деген ұран – тілекпен қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде жазасын өтеп жатқандар арасында «Шағын футболдан» жасақтар арасында жарыс өткізілді. Аяқ доп додасында топ жарып, жүлделі орын алған командалар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сөйтіп, жазасын өтеп жатқандар бір серпіліп, сергіп,заңнамаға құрмет танытып,  алдағы күндеріне үміт артқандай болды.

 

Алматы облысы бойынша ҚАЖД.

Комментарий