Жаңалықтар | Новости

«Жастар Үні» Республикалық Қоғамдық бірлестігінің қоғам өміріндегі рөлі 

Әл-Фараби бабамыз: «Елінің болашағын білгін келсе, маған оның жастарын көрсет», — деген қанатты сөзі бар. Осы орайда 2002 жылдан бері қызметін жүргізіп келе жатқан «Жастар Үні» Республикалық Қоғамдық бірлестігінің мақсаты: жастардың елдiң қоғамдық өміріне белсендi катысуына және олардың әлеуметтiк, экономикалық, құқықтық және мәдени сауаттылығын арттыруға ықпал ету.

«Жастар Үні» Республикалық Қоғамдық бірлестігі бірнеше жылдан бері жастарға бағытталған жобаларды үздіксіз жүзеге асырып келеді. Бұған осы күнге дейін түрлі бағыттағы 300-ден астам іс-шараларды ұйымдастыруы дәлел. Атап айтқанда «Жастар Үні» Республикалық Қоғамдық бірлестігі: «Балалар және кәсіпкерлік» жобасы аясында еліміздің 7 облыс, 14 аудан, 50 ауылын аралап, шалғай ауылдағы балалар мен мектеп оқушыларына кәсіп игеруге қатысты дәрістер оқып, кітаптар таратты. Жоба аясында  4 журнал шығарылып, 5 бейнеролик түсіріліп, 5500 бет ақпарат оқылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасының іске асырылуына халықтың қанағаттану деңгейін  анықтау мақсатында әлеуметтанушылық сауалнама жүргізу» атты жобаның негізінде республикалық деңгейде зерттеу жүргізіп, «Рухани жаңғырудың» кемшіл және артық тұстарын көрсетіп, әр облыс бойынша талдау жасады. «Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау» жобасының негізінде республика бойынша спартакиада, футбол турнирлерін ұйымдастырып, барлық облысты қамтыған спорттық челлендждерді іске асырды. Арнайы роликтерге танымал спортшылар түсіп, мотиваторлар жастарды спорпен айналысуға ынталандырды. Сонымен бірге «Мен спортшы боламын» атты эссе байқауына 135 жас қаламгер қатысып, үздіктері марапатталды. «Қоғамдық монитор» жобасы аясында вице-министр, депутат және қоғам қайраткерлерінен сұхбаттар алынып, бейнеролик түсірілді. Арнайы телеграм бот жасалып, халықтың мұң-мұқтажын ескеретін 1400 ұсыныстар мен мәселелер түсті. Арнайы платформа жасалып, онда халықтан мәселе, ұсыныс айдары ашылды.

Одан бөлек «Жастар Үні» Республикалық Қоғамдық бірлестігі Алматы қаласының шеңберінде «Дүйсенбілік футбол», «Қоғамдық сарапшы», «Таза қала», «Қауіпсіз жол», «Мемлекеттік қызмет мектебі», «Көзқарас», «Жастар онлайн», «Жас отбасы», «Self-Made ауыл жастарын әлеуметтендіру және түлектерді жұмыспен қамту мәселелеріне ықпал жасау бойынша» жобалары мен «Жастар саммиті», «Тәуелсіз Қазақстан», «Наурызбай жастары», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне арналған патриоттық іс шаралар кешені», «Астананың 20-жылдығына орай Еріктілер слеті» жобаларын сәтті жүзеге асырып, «Бағдаршам» жастарды бейімдеу орталығын ашты. Бұл «Жастар Үні» Республикалық Қоғамдық бірлестігінің кәсібилігі, жоғары деңгейдегі жауапкершілігі мен жан-жақтылығының дәлелі деп білемсіз.

Бүгінде «Жастар Үні» Республикалық Қоғамдық бірлестігі Алматы қаласындағы жастардың салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануына, тіл курстарын тегін үйреніп, білім алуына, қоғамдық өмірге белсене қатысып, тәжірибе жинауға барын салуда. Қаладағы ауылдан келген жастардың бейімделуі мен базар жастарының мәселелерін көтеріп жүр. Түрлі өткір мәселелердің оң шешім табуына барын салып келеді. Ұйым жастар мәселесін ғана көтеріп қоймай, қаламызда нық азаматтық қоғам қалыптасып, демократиялық құндылықтардың насихатталуын да көтеріп жүр.

Комментарий