Жаңалықтар | Новости

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«1 қыркүйек күні сағат 11:00-де Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасайды.

Жолдауда елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтылады», — деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Бұған дейін 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтетіні хабарланған болатын.

Комментарий