Жаңалықтар | Новости

Жеке құрам ел заңын құрмет тұтады

30 тамыз — Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, ЗК- 169/1тергеу изоляторы қызметкерлері, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына барып, «Конституция- мәңгілік елдің тұғыры» атты кітап көрмесін көріп қайтты.
Кітапхананың мерзімді басылымдар бөлімінің кітапханашысы Серікбаева Ақмарал жазаларды орындау мекемесінен келген жас қызметкерлерді кітап көрмесімен таныстырды.
Көрмеге ҚР Конституциясы мен заңдар жинақтары, ғылыми конференциялардың материалдары және «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрген «Қазақтың ата заңдары», Әз Тәукенің «Жеті жарғы» заңдар жинағы және отандық заң ғылымының дамуына, құқықтық мемлекеттің қалыптасуына, тәуелсіз еліміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан зиялы тұлғалардың кітаптары қойылған. Бұл кітаптарды қолымен ұстап, көзімен көрген жеке құрам жігіттері алған әсерлерін былайша жеткізді.
— Мен бұл көрмеден Конститутция тақырыбына арналған жаңа кітаптарды көрдім. Тәуелсіз еліміздің заң тарихының өткені мен бүгіні жайлы терең мағлұматтарға қанық болдым.Маған көрмедегі « Жыр атауы Ата заң » деген тақырыптағы кітап аса ұнады. Еліміздің түкпір- түкпіріндегі жас ақындардың заң тақырыбына арнаған өлеңдерінен құралған бұл жинақтағы жыр шумақтары оқыған жанға рух беріп, намысын қайрайды екен.Елімнің азаматы ретінде Ата заңыма құрметпен қарап, конститутция баптарын жаттап жүремін- дейді, әділет сержанты Қуандық Сержан.
Ия, олай болса, 9 бөлім, 98 баптан тұратын Конститутцияны жатқа білу жауапкершілі басым жеке құам қызметкерлері үшін бұл ұйымдастырылған іс-шараның берері мол болғаны анық.

Комментарий