Жаңалықтар | Новости

Жамбыл облысындағы жарылыстар: қаза тапқандар саны 9-ға жетті

Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза болғандардың саны 9-ға жетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ-ге сілтеме жасап.

«Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі жарылыс салдарынан соңғы мәліметтер бойынша барлығы 9 адам, оның ішінде ҚР ТЖМ, әскери бөлімнің, әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратура қызметкерлері қаза тапты. Олардың жеке басы анықталып жатыр. Табылмай жатқан 2 адам туралы деректер анықталып жатыр», — делінген жедел штаб мәлімдемесінде

Алдын ала ақпарат бойынша, ауруханаға ТЖД-ның 49 қызметкері түскен.

Оқиға орнында министр бастаған ТЖМ жедел тобы жұмыс істеп жатыр. ҚР ТЖМ ДЖБО-да және өрт орнында КШМ базасында өрт сөндіру штабы құрылды, Жамбыл облысы ТЖД-де жедел штаб жұмыс істейді.

Бұған дейін Жамбыл облысындағы жарылыстардан бес әскери адам қаза тапқаны хабарланған болатын. 27 тамыз күнгі сағат 8.00-дегі жағдай бойынша, ауруханаларда 28 науқас бар, оның алтауы ауыр халде жатыр.

Комментарий