Жаңалықтар | Новости

Жамбыл облысындағы жарылыс: зардап шеккендер саны 66-ға жетті

Жамбыл облысында әскери қойма жарылысынан зардап шеккендер саны 66-ға жетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сағат 23.30-дағы жағдай бойынша Тараз қалалық №1 ауруханасына және Байзақ аудандық орталық ауруханасына 66 адам түсті. Олардың көпшілігі жеңіл жарақат алған, екеуі ауыр жарақаттанған», — делінген әкімдік хабарламасында.

Облыс орталығында апат аймағынан көшірілгендерге 400-ден аса орын дайындалған.

Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланғаны анықталды.

Бұған дейін Жамбыл облысында әскери қойма жарылысынан зардап шеккендер саны 60-қа жеткені хабарланған болатын.

Комментарий