Жаңалықтар | НовостиСудья мінбері | Судебная система

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жанданып келеді

Мемлекет басшысы Қасым –Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарының бірі екенін айтты.Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйіткілді мәселеге айналып отырғаны шындық. Жалпы жемқорлық деген түсінікке келетін болсақ, Жемқорлық ұғымы заманауи құқықтық сөздік қолданысында кеңінен қолданылады және терең тарихи тамыры бар.

Жемқорлықтың қарапайым түсінігі- лауазымды тұлғалар, қоғамдық және саяси қайраткерлер мен мемлекеттік шенеуніктердің өз қызметтерінде сараңдық пен сатқындық танытуы. Әрине сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселе әрқашан мемлекеттің назарында болатыны анық.Халық болып, күресіп жатырсақ та қоғамда сыбайластық азаймай тұрғаны өкінішті… Дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту- әрқайсымыздың азаматтық борышымыз екендігін есте сақтағанымыз жөн! Ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы адамға сана қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда адам адамгершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді. Мемлекет пен қоғам тығыз қарым-қатынаста болғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы төтеп бере аламыз. Адамды бала кезінен қазақстандық патриотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеп өсіруіміз керек. «100» нақты қадам Ұлт жоспарының 13-қадамында да жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелері нақты көрстілген. Мұның барлығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп ойлаймын. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Меніңше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл құқық қорғау немесе арнайы органдар сияқты мемлекеттік органдардың ғана ісі емес. Еліміздің әр азаматының міндеті. Елбасы жолдауында: «Заңды бұзған екенсің, оның баптарына сәйкес жауапқа тартыласың »дейтін нақты ереже бар. Олай болмаған күнде біз кеңестік кездегі « заң қалай бұрсаң, солай бұрылатын тәртенің» керін қайталайтын боламыз»,- деп атап көрсеткен. Ендеше жемқорлықты жоюды мақсат еткен сот жүйесі де жолдауда берілген тапсырмалардың шындыққа айналып, заңнамалардың талапқа сай орындалуына мүдделік танытуды міндеті деп санайды.

Ғабдрахим Гүлназ Мұрадымқызы
БҚО, Тасқала аудандық сотының жетекші маманы

Комментарий