Жаңалықтар | Новости

Елімізде вакцина алмаған студенттер жатақханаға орналаса алмайды

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына орай вакцина алмаған студенттер жатақханаға орналастырылмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

18 жасқа толмаған, сондай-ақ тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде COVID-19 ауырып сауыққан және вакцина алған студенттерді жатақханаға орналастыруға рұқсат.

Сонымен қатар қаулыда білім ошақтарының бәрінде тамақтану процесі асханадағы ауа рециркуляторларының қондырғыларын қамтамасыз ете отырып ұйымдастырылуы керектігі айтылған.

Ал жаңа оқу жылы басталған кезде вакцинаның толық компонентін алып үлгермеген студенттер вакцинацияны оқу орны орналасқан аумақтағы медициналық ұйымдарда аяқтайды. Шетелдік студенттер Қазақстан аумағына оқуға тұрғылықты елдің уәкілетті органы растаған COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсы болған жағдайда ғана жіберіледі.

Бұған қоса, медициналық колледждер мен жоғары оқу орындарының білім алушыларына клиникалық базаларға, резидентура базаларына, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникаларына, университет ауруханасына, интеграцияланған академиялық медициналық орталыққа вакциналау паспортымен расталған COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсы бар болған кезде кіруіне рұқсат етіледі.

Еске салсақ, бұған дейін мектеп оқушылары дәстүрлі форматта білім алатыны айтылған еді. Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес екпе салдырмаған ұстаздар білім орындарына кіргізілмейді.

Комментарий